Құрметті оқырман!

Сізге ерекше назар аударуға тұрарлық рухани мұра — тылсымнан хатқа түскен кітаптар жинағы ұсынылады. Бұл еңбектерде ата-бабаларымыздың жаратылысты тану ілімі, көне даналықтары мен бүгінгі ғылым толық түсіндіре алмайтын құпия білімдер баяндалған.

Мәтіндер ішінде математикалық және астрономиялық есептер, геометриялық сызбалар, сондай-ақ әзірге ашық жариялауға болмайтын ерекше ақпараттар кездеседі. Бұл білімдер қазіргі ғылым шеңберінен тыс жатқанымен, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар беруі мүмкін.

Оқырманға жеңіл әрі түсінікті болу үшін біз кітаптардың толық нұсқасын емес, әрбір жеке тақырыпқа қысқаша мазмұндама (аннотация) дайындап, оларды орыс және ағылшын тілдеріне аударып отырмыз. Әр тақырыптың толық нұсқасына сілтеме берілетін болады. Бірақ олар басқа тілдерге аударылмаған.

Қазақ тілінің бай, көпмағыналы болмысы аудару кезінде біраз қиындықтар туғызғанымен, мағынасын жоғалтпай жеткізуге барынша күш салынды. Ізденген адам — түбінде қажет білімін табады.

Кітапты тылсым аманатын орындай отырып хатқа түсірнген – Тоқберген Кескірұлы Байтасов.

Постер әзірше жоқ немесе категория бойынша табылмады.